Listen to Аралдан ұшқан аққулар song with lyrics from Диана Шарапова

Аралдан ұшқан аққулар

Диана Шарапова15 Jun 2018

Аралдан ұшқан аққулар Lyrics

Аралдан ұшқан аққулар - Диана Шарапова

Құстардың қайда базары

Тарқаған түсіп ажары

Жаралы жүрек жадардай

Төмендеп теңіз назары

Бұлттардай жүзген ақ ала

Жападан жалғыз шағала

Қоштасқан қайран Аралмен

Қайғылы мұңды жағада

Қия алмай қанат қағады

Қона алмай ұшып барады

Мөлдіреп құстар жанары Аралым

Ең алғаш сені көріп ем

Аққуды теңіз көгінен

Толмайтын орны Өмір ең Аралым

Жыл сайын көктем жетеді

Сені іздеп құстың мекені

Ұясыз қалған аққулар

Қона алмай ұшып өтеді

Айдыңды шалқар Аралым

Балалық шағым жанарым

Айдында жүзген құсың ем

Алыстап кетіп барамын

Қия алмай қанат қағады

Қона алмай ұшып барады

Мөлдіреп құстар жанары Аралым

Ең алғаш сені көріп ем

Аққуды теңіз көгінен

Толмайтын орны Өмір ең Аралым

Қия алмай қанат қағады

Қона алмай ұшып барады

Аралым

Ең алғаш сені көріп ем

Аққуды теңіз көгінен

Толмайтын орны Өмір ең Аралым

 

Аралым

Popular Songs