Сенесің бе ? Lyrics
Сен үшін жұлдызды әперейін ұнаса
Ұмтылып жоғары ұшып ай мен күнді аса
Мұңайып көзіңнен бір тамшы жас құласа
Мен жұбатып алам
Сенесің бе маған?
Жылынам өзіңнен жылынғандай жер күннен
Айнымай жүректің саған берген сертінен
Биіктен құласаң басқалардың еркімен
Сені ұстап қалам
Сенесің бе маған?
Көздеріңнен
Мұңды көрдім мен
Ешкім көрмеген
Сенші, жалғыз мен болайын
Жаныңды емдеген
Қауіп-қатерден
Тиіп кетерден
Болайыншы мен
Жаныңды емдеген
Алдыда күтеді екеумізді жол қанша?
Жаныңда боламын мен еккен гүл солғанша
Сырыңды түсініп ұғар адам болмаса
Мен келемін саған
Сенесің бе маған?
Көздеріңнен
Мұңды көрдім мен
Ешкім көрмеген
Сенші, жалғыз мен болайын
Жаныңды емдеген
Қауіп-қатерден
Тиіп кетерден
Болайыншы мен
Жаныңды емдеген
Мұңды көрдім мен
Ешкім көрмеген
Сенші, жалғыз мен болайын
Жаныңды емдеген
Қауіп-қатерден
Тиіп кетерден
Болайыншы мен
Жаныңды емдеген