Beker Lyrics
Өмірдің өзі-өтірік,
Бай болсаң,мақтар,көпіріп.
Өтірік өмір-ажары
Ақиқат оның ажалы
Түлкі боп заман арбаса,
Тазы боп шалып,қайтардым...
Заманым менің далбаса,
Күшік қып теуді-шаршадым.
Бәрінде маска,
Сан түрлі басқа,
Керек болсада мыңы запаста!
Алмастырып,
Қарбаласта,
Алдап-арбап,
Алданған соң өзің қапаста,
Қаласың өзің ұқсап топасқа.
Сатылып жатыр,ар-ұждан,
Ақылда жұрдай намыстан.
Ақшасын берсең бәрі арзан,
"Айды әперер ғарыштан”.
Өтірік өмір-ажары,
Ақиқат оның ажалы.
Бәрінде маска,
Сан түрлі басқа,
Керек болсада мыңы запаста!
Алмастырып,
Қарбаласта,
Алдап-арбап,
Алданған соң өзің қапаста,
Қаласың өзің ұқсап топасқа.
Бәрінде маска, сан түрлі басқа, ммм.